Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өткен тәулікте 76 мыңға жуық адамға екпе жасалды
13:27 / 2021-05-29

28 мамырда Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 75 849 адамға вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 26 973 бірінші доза, 48 876 азамат екінші дозада вакцинацияланған.

1 сәуірден басталған вакцинация науқаны аясында бүгінге дейін Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 1 889 975 азамат екпе жасатты. Вакцинаның І компонентін салдырғандар 1 305 043, ІІ компонентін 584 932 азамат алған.

Статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс әліде көш бастап келеді.

Ферғана облысында 241 987 доза,

Әндіжан облысында 223 718 доза,

Наманган облысында 219 630 доза.