Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өтетін президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру мүмкін
20:05 / 2021-10-04

14-20 қазанда Өзбекстанда өтетін президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру мүмкін болады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлап, сайлау күні тұрғылықты мекен-жайда бола алмайтын сайлаушының мерзімінен бұрын дауыс беру құқығы бар екені жайлы мәлімдеген.

Мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлаушы белгілі себеп көрсете отырып, тиісті сайлау учаскесіне жүгіне алады. Толтырылған сайлау бюллетені жабық конвертке салынып, УСК-ның тиісті сейфінде сақталмақ.

Еске салар болсақ, Өзбекстанда президенттік сайлау 2021 жыл қазан айының 24 жұлдызында өтеді.