Өзбекстанда теміржолшы, кондуктор және полиция қызметкерлері вирус жұқтырғаны анықталды
Бүгін 202 азамат аурудан сауығып шығып, олардың жалпы саны 5240 кісіні құраса, бүгінге дейін 20 науқас індеттен көз жұмған
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. Бүгін 27 маусым тәулік бойы 255 жаңа вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарынша Ташкент қаласында теміржолшы, кондуктор және полиция қызметкерлері арасында індет жұқтырғандық белгілері анықталған.
Қазірге дейін тәжіндетінің расталған саны республикада 7682-ге жетті.
Бүгін 202 азамат аурудан сауығып шығып, олардың жалпы саны 5240 кісіні құраса, бүгінге дейін 20 науқас індеттен көз жұмған.
Ендігі кезде ел аумағындағы ауруханаларда 2422 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олар арасында 19 азаматтың жағдайы ауыр, 7 өте ауыр хәлде екені айтылады министрлік хабарында.