Өзбекстанда «Ташкент мозаикасы» арнайы мобильді қосымшасы іске қосылды
Өзбекстанда «Ташкент мозаикасы» арнайы мобильді қосымшасы іске қосылды.
Uzbektourism хабарлауынша, қосымша қолданушыларға «Калейдоскоп» функциясы және шындықпен толтырылған AR сүзгілері арқылы Ташкентте модернистік дизайн негізінде салынған нысандардың мозаикасымен танысуға мүмкіндік береді.
Бұл мүмкіндікті смартфон камерасын сол жердегі нысанға бағыттау арқылы пайдалануға болады.
«Ташкент мозаикасы» интернет-каталогында 334 мозаика туралы фотосуреттер, орналасу орындары және ақпарат бар.
Бүгінде мозаика ресми түрде Ташкенттің мәдени мұрасы нысандары ретінде танылды. Қосымшаның іске қосылуы Өзбекстанның туристік әлеуетін дамытуға қызмет етеді, сондай-ақ ел тұрғындары мен туристері үшін мозаиканы сақтауға көмектеседі.