Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «TARLON» атты жаңа брондалған көлік сынақтан өтуде
16:05 / 2021-05-20

Экипаж бен әскерді оқ пен жарылыстардан қорғауға және қауіпті аймақтардағы арнайы миссияларды орындауға арналған «TARLON» атты жаңа брондалған көлік сынақтан өтуде.

Мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі комитетінің хабарлауынша, Қарулы Күштер министрлігі мен ведомстволар бұйрығына сәйкес жасалған заманауи талапқа толық сай келетін «TARLON» атты жеңіл броньды автокөлігін күш құрылымдарының сарапшыларынан құралған тобы сынақтан өткізуде.

<iframe width="736" height="450" src="https://www.youtube.com/embed/9YVOkrXTpcY" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Осы іс-шараның бастапқы кезеңінде «TARLON» баллистикалық қорғаныста белгіленген стандарттарға сәйкестігі тексеріледі. Онда автокөліктің тау мен қырда жүруі және түрлі кедергілерден өту қабілеті байқалмақ.

Брондалған жеңіл автокөлік экипаж бен әскерді оқ пен жарылыстардан қорғауға, жеке құрамды тасымалдауға, қауіпті аймақтардағы арнайы миссияларды орындауға, мобильді топтар мен бақылау-өткізу пункттеріне, жауынгерлік патрульдерге, күзет әскерлері мен жол конвойларына арналған.

Әскери техника корпусы бронды пластинамен қапталған болып 9 әскерді тасымалдауға арналған 285 ат күшіне ие. Автоматты қоғалтқышпен жабдықталған бронетранспортер бір реттік жанармай мен 750 шақырымды басып өтеді. Оған 7 арнайы оқ ату терезсі және 360 градуста айналмалы пулемет тіркек орнатылған.