French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда талапкерлерге рұқсатнама беру басталды
14:18 / 2024-07-09

2024/2025 оқу жылында жоғары оқу орындарына түсу үшін онлайн тіркелген талапкерлерге рұқсатнама беру басталды.

Білімді бағалау агенттігінің хабарлауынша, талапкерлер тест сынақтарына қатысу үшін талапкер рұқсатнамасын my.uzbmb.uz сайтында жеке сәйкестендіру нөмірі мен төлқұжат сериясын енгізу арқылы алуы мүмкін.

«Талапкерлер тест сынақтарына төлқұжат (ID-карта) және талапкердің рұқсат қағазымен белгіленген мерзімге дейін келуі керек. Тестілеуге төлқұжатының немесе басқа құжаттарының көшірмесімен келген талапкерлер, сондай-ақ кешігіп келгендер жіберілмейді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына түсуде тест сынақтары 2024 жылдың 14 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өтеді.