Өзбекстанда талапкерлер үшін тест сынақтары басталды
1 тамыз күні Өзбекстанда талапкерлер үшін жоғары оқу орындарына түсуде тест сынақтары басталды.
Өзбекстанда барлық саладағы сияқты білім беру саласында да жаңару барысында жоғары білімді түбегейлі реформалау, жастардың жоғары оқу орындарында білім алуына барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.
[gallery-12976]
Биыл бір миллионнан астам талапкердің құжаттары онлайн режимінде қабылданған. Олардың 948 486-сы тестке қатысады. Республика бойынша 72 ғимарат осы жағдайды өткізуге арнайы дайындалған.
Республика көлемінде бір ауысымда 38 мыңнан астам талапкер, бір күнде 76 мыңнан астам талапкер тест тапсырады.
суреттерді түсірген Насиржан Хайдаров, ЎзА