Өзбекстанның Ташкент және Бұхара облысында тағы үш электр станциясы салынады.
Мемлекет басшысының қабылдаған жарлығына сай «Ташкент облысында қуаты 240 МВт бу-газ электр станциясы мен қуаты 230 МВт газ-поршенді электр станциясының құрылысы» және «Бұхара облысында қуаты 270 МВт болатын газ-поршенді электр станциясын салу» туралы инвестициялық жобаларын іске асыру көзделген.
Norma ақпараттық порталындағы хабарда, құжатқа Өзбекстан Үкіметі атынан Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі 2021 жылы 20 қаңтарда «Aksa Enerji Üretim A.Ş.» (Түркия) компаниясы және келесі жобалық компаниялармен жасалған инвестициялық келісімдер мақұлданған.
Инвестициялық келісімдерге сәйкес, инвестор мен жобалық компаниялар әр жоба үшін ықтимал тәуекелдерді қабылдай отырып, жалпы сомасы 450 млн доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартатын болады.
Осыған орай,
Инвестор «Ташкент облысында қуаттылығы 240 МВт болатын бу-газ электр станциясы мен қуаты 230 МВт газ-поршенді электр станциясының құрылысы» жаңа инвестициялық жобасын іске асыру үшін «Aksa Enerji Tashkent» ЖШС құрған;
«Бұхара облысында қуаты 270 МВт газ-поршенді электр станциясының құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру үшін инвестор «Aksa Enerji Бухара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрған.