Өзбекстанда таэквондо академиясы ашылады
Министрлер Кабинетінің «Өзбекстан Таэквондо академиясы және мамандандырылған таэквондо орталықтарының қызметін ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес Өзбекстан таэквондо қауымдастығының (WT) шеңберінде Өзбекстанның Таэквондо академиясы және 2023-2024 жылдары облыстарда 14 мамандандырылған таэквондо орталықтары ашылады.
Қаулыда айтылғандай академия өз қызметін 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастайды.
Академияның негізгі міндеттері:
- таэквондо (WT) ұлттық құрама командалары мүшелерінің (ересектер, жастар, жасөспірімдер, сондай-ақ спорт ардагерлері) спорттық дамуы, дайындығы, функционалдық жағдайы, техник-тактикалық және психологиялық дайындығын зерделеу;
- таэквондо (WT) бойынша ұлттық құрама командаларды халықаралық жарыстарға дайындауда практикалық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
- таэквондо (WT) бойынша озық тәжірибені зерделеу және републикаға енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, шет мемлекеттердің жетекші институттарымен халықаралық байланыстарды дамыту;
- таэквондо (WT) бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтарды дайындау және басып шығару;
- Мамандандырылған таэквондо орталықтары аймақтық құрама командалар мүшелерінің республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қажетті біліктілік мен дағдыларды тереңдетіп дамытуды қамтамасыз ету;
- спортшылар резервін даярлау үшін қажетті ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
Өзбекстан таэквондо академиясы инновациялық технологияларға негізделген түрде, қымбат емес, энергияны үнемдейтін және тез салыныпатын жеңіл конструкциялы материалдардан құрылып, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі.