Өзбекстанда түзеу мекемелері бейне бақылауға алынып тұтқындар электронды браслет тағады
Онда түзеу мекемелері орналасқан аймақтан 50 мерт қашықтыққа құрылыс жүргізбеу мен 6 мертден биік ғимараттар салуға тыйым салынған
Бас бостандығынан айырумен байланысты жазаны өтеу мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметтің №128 санды қарары шығып, онда түзеу мекемелері орналасқан аймақтан 50 мерт қашықтыққа құрылыс жүргізбеу мен 6 мертден биік ғимараттар салуға тыйым салынған.
Осы жарлыққа байланысты түзеу мекемелеріне қойылатын талаптар:
-жазаны орындау колониялары, оның ішінде емдеу құқығы негізінде;
-түзеу колониялары;
-түрмелер;
-сотталғандарға арналған мамандандырылған ауруханалар.
Сонымен қатар, 2020 жылда түзеу мекемелерін бейнебақылау жабдықтарымен және жеке бейнекамералармен (боди-камералар) жабдықтау, сондай-ақ пробация қызметтерінің тәжірибесінде электронды браслеттерді енгізу бағдарламасы бекітілген болып, 18 түзеу колонияларында 1833 дана бейне бақылау камерасы мен 36 жеке камералар орнатылады және 3 мың дана электронды браслеттер беріледі.