Өзбекстанда тәулік бойы аурудан сауыққандар мен вирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа көрсеткіш тіркелді
Өкінішке орай бүгін тағыда екі азамат індеттен көз жұмған, ал олардың қатары 29 құрауда
3 шілде күні Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар мен сауығып шыққан жандар саны бойынша жаңа рекордты көрсеткіш тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің қорытынды хабарына сай бүгін ел аумағында 318 жаңа вирус жұқтырған жан анықталған болса, 217 азамат ауруханадан шыққан.
Сонымен жалпы вирус расталған жағдай 9396-ға жетіп, 6251 кісі емделіп шыққан. Өкінішке орай бүгін тағыда екі азамат індеттен көз жұмған, ал олардың қатары 29 құрауда.
Қазіргі кезде ауруханада 3116 науқас емделуде. Содан 16 азаматтың жағдайы ауыр және 8 кісі өте ауыр хәлде, делінген министрлік хабарында.