Өзбекстанда студенттердің қысқы демалыс мерзімі ұзартылды
Өзбекстанда жоғары оқу орындарының студенттері 24 қаңтарға дейін қысқы демалыста болады.
Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің хабарлауынша, 24 қаңтарға дейін қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, кредиттік-модульдік жүйеге көшкен барлық жоғары оқу орындарының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар-тренингтер өткізіледі. Осы себепті студенттердің қысқы демалыс мерзімі ұзартылды.
Осыған бейланысты студенттер мен оқушыларға үйлерінен оқу орындарына қайтуына қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе және теміржол билеттеріне 50% жеңілдік мерзімі 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін ұзартылды, делінген хабарламада.