Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда студенттердің академиялық демалыс алу тәртібі белгіленді
15:51 / 2021-06-05

Өзбекстан Үкіметі 3 маусымда жоғары оқу орындарының студенттеріне академиялық демалыс беру туралы ережені бекітті, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Ережеге сәйкес университет студенттеріне академиялық демалыс келесі жағдайларда берілуі мүмкін:

  • әскери қызмет боршын өтеу үшін;
  • денсаулықты қалпына келтіру;
  • жүктілік және босану кезінде;
  • балаларға күтім жасау;
  • отбасының науқас мүшесіне (әкесі, шешесі немесе солар қатарындағы жандарға, жұбайы, баласы) күтім жасау үшін.

Студенттің академиялық демалысқа өтініші бір апта ішінде қаралады және университет ректорының (директорының) бұйрығымен ресімделеді.

Академиялық демалыс берілетін студенттердің қалауы бойынша университет ректорының (директорының) бұйрығына сәйкес олар академиялық демалысы мерзімін сырттай немесе қашықтықтан оқу түріне ауыстырылуы мүмкін.