Өзбекстандағы ЖОО-лар мен мектептердегі оқу үдерісі дәстүрлі формаға көшетін болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елдегі аурудың таралуы 0,8 құрайды (ДДСҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, егер көрсеткіш 1,0-ге дейін болса, жағдай тұрақты).
Сонымен қатар, стационардан шыққандар санынан оған жатқызылғандар үлесі мен қоса, карантинге жатқызылғандар санының оқшауланғандар санына қатысты оң өзгеріс байқалуда.
Аурудың жұқтыру деңгейі 35-43 пайыз жағдайда науқастанған отбасы мүшесі немесе туыстары, 6-7 пайыз жағдайда науқас көршілері, 10-12 пайыз жағдайда қоғамдық орындарда диалог, 4-5 пайыз жағдайда жұмыстағы қарым-қатынас кезінде екені анықталуда.
Талдау нәтижесі бойынша балабақша жасындағы (3-6 жас) аурушаңдық үйдегі күтімдегі сол жастағы балаларға қарағанда (3-3,5 есе) төмен.
Осы аспектілерді ескере отырып, Республикалық арнайы комиссия бірқатар шараларды қолға алуда.
Атап айтқанда, 2022 жылдың 7 ақпанынан бастап жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында, академиялық лицейлерде мен мемлекеттік емес білім беру ұйымдарында оқу процесі дәстүрлі формаға көшіріледі.
Бұл ретте барлық білім беру ұйымдарында бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау және антисептиктерді үнемі қолдану міндеттеледі.