Өзбекстанда Starlink интернеті 2026 жылы іске қосылады
Илон Маск негізін қалаған SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернет қызметі Өзбекстанда 2026 жылдан бастап қолжетімді болады.
Бұл туралы ақпарат Starlink ресми сайтында жарияланған. Онда қызметтің іске қосылу мерзімі ретінде 2026 жыл көрсетілген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink Қазақстан аумағында ресми түрде жұмысын бастады. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай, енді ел тұрғындары SpaceX-ке қарасты төмен орбитадағы Starlink спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты әрі сенімді интернетке қол жеткізе алады.
Starlink технологиясы тіпті шалғай және жету қиын өңірлерде де тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді.