Өзбекстанда спортшылардың Олимпиадаға және Пралимпиадаға дайындығы уақытша тоқтатылды
Лицензиялық жарыстар өту мерзімі нақты болғанға дейін ұлттық құрама спортшылары дайындықты өз үйінде жоспар бойынша жалғастыратын болған
Бүкіләлемге кең құлаш жайып адамзат денсаулығына аса қауіпті болған коронавирус пандемиясына орай Өзбекстанда да 16 наурыздан бастап бірқатар оқу орындары мен ұйымдар белгісіз мерзімге өз жұмысын тоқтатты
Әлемдегі пандемия деңгейінің өршуі себеп Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жыл Токиода өтуі жоспарланған жазғы спорттық ойындары Олимпиада мен Паралимпиада жарысын келесі 2021 жылға көшіруге мәжбүр болды. Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Олимпиада спорт түрлері бойынша ұлттық оқу-жаттығы дайындық жұмыстарын 25 наурыздан бастап уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
Лицензиялық жарыстар өту мерзімі нақты болғанға дейін ұлттық құрама спортшылары дайындықты өз үйінде жоспар бойынша жалғастыратын болған.