Өзбекстанда «Skate Uzbekistan» спорт қауымдастығы құрылды
Өзбекстанда жаңадан «Skate Uzbekistan» спорт қауымдастығы құрылып, жаңа бірлестіктің төрағасы болып Азиз Ахмедов сайланды.
Хабарда айтылуынша, бұл бірлестіктің құрылуы Өзбекстан жастары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Алдағы уақытта жастардың скейтбординг және роллер спорт түрінен халықаралық беделді жарыстарға қатысуға мүмкіндігі бар.
«Skate Uzbekistan» қауымдастығы скейтбординг, роллерде мәнерлеп сырғанау, , роллер хоккей, роллер дерби, скутер сияқты спорт түрлерін құрамына енгізген болып, осы бойынша өзбек скейтбордшылары Париж-2024 Олимпиадасына 12 лицензия алу мүмкіндігіне ие.