Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда шығарылған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының бірінші партиясы дайын
10:51 / 2021-10-01

Қытай және өзбек ғалымдарының бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының Өзбекстанда жасалған бірінші партиясы 30 қыркүйекте пайдалануға табысталды.

Vaksina.uz арнасының хабарынша, атаулы вакцинаның алғашқы партиясында 1 458 820 доза шығарылған.

«ӨР Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің өкілдеріне 1 458 820 доза ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы жеткізілді. Қазірде бірлескен кәсіпорында барлығы 7 миллион доза вакцина шығарылды, оның келесі дозалары кезең-кезеңмен егу пункттеріне жеткізіледі. Препараттың ампулалық түрін өндіру «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co., Ltd.» биофармацевтикалық кәсіпорында шығарылған вакцинаның бастапқы субстанциясы негізінде жүзеге асырылды.» - делінген хабарламада. 

ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 3 фазалық клиникалық сынақтарының нәтижелері бойынша, 3 дозадан кейін вакцинаның тиімділігі барлық штаммдарда 81,76%, ал «британдық» штаммға қарсы 92,93% тиімділікті көрсеткен.