Өзбекстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының әйелдер форумы өтеді.
Парламенттің жоғарғы палатасының ақпарат қызметінен хабарлауынша, Самарқандта өтетін ШЫҰ әйелдерінің кезекті форумын жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған жиын өтті.
Сенаторлар, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Самарқанд облысы мен Ташкент қаласы әкімдіктерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысқан шарада, Өзбекстанның 2021-2022 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын тиімді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырған бұл форумға жан-жақты дайындық мәселесі талқыланды.
Форум ең маңызды салаларда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қыз-келіншектер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу, бар проблемаларды анықтау және оларды жою шараларын қабылдау, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтудың бірегей алаңы ретінде ұйымдастырылып отыр.
Атаулы форум 2022 жылдың 18-19 тамызы күндері Самарқанд қаласында өтеді.