Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда шипажай, пансионат және балалар лагерлеріне бару үшін ПТР тест қажет
12:17 / 2021-06-23

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша Республикалық арнайы комиссияның жаңа талаптары қабылданды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ондағы хабарға сай, алдағы уақытта Өзбекстан аумағындағы шипажай, пансионат және балалар лагерлеріне бару үшін ПТР тест талдауының теріс нәтижесі бар анықтама қажет. Ол жоғарыда айтылған демалыс орындарына барудан 72 сағат ішінде орындалуы керек.

Енгізілген жаңа талап, осы типтегі барлық объектілер үшін жаңадан қабылданатын талаптар жарияланғанға дейін өз күшінде болады.