Өзбекстанда шетелдік капитал негізінде құрылған 11 мыңнан астам кәсіпорын бар
Өзбекстанда шетелдік капитал негізінде құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың саны көбейіп келеді.
Мемлекеттік салық комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша шетелдік инвестицияның қатысуымен 11 мыңнан астам кәсіпорын ашылған.

Олардың жалпы айналымы 90,2 триллион сумды құрайды.
2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша шетел капитал негізінде құрылған кәсіпорындардың саны 8754 болды. Олардың жалпы айналымы 67 триллион сумды құраған.