Өзбекстанда шетелдік инвестицияның ең көп үлесі қай ел екені белгілі болды
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 226,6 триллион сумды құраған.
Оның ішінде негізгі капиталға тартылған шетелдік инвестициялар мен несиелердің жалпы сомасы 104,4 триллион сум.
Дерекке сай Өзбекстанда шетелдік инвестицияның ең көп үлесі Қытай үлесінде. Осы ел салған инвестиция көлемі 24,5 пайызды құраған.
Шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінде ең жоғары үлеске ие инвесторлар:
— Ресей – 15,9 пайыз;
— Сауд Арабиясы – 7 пайыз;
— Түркия – 6 пайыз;
— Кипр – 4,1 пайыз;
— БАӘ – 3,7 пайыз;
— Германия – 3,5 пайыз;
— Швейцария – 3,4 пайыз;
— АҚШ – 3,3 пайыз;
— Нидерланды – 2,4 пайыз.