Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда шетелдік зерттеуші және ізденушілерге арналған «Имам Мәтуриди» атындағы халықаралық стипендия тағайындалды
17:06 / 2020-08-13

Өзбекстанда шетелдік зерттеуші және ізденушілерге арналған жақсы жаңалық «Имам Мәтуриди» атындағы халықаралық стипендия тағайындалды


Өзбекстанда шетелдік зерттеуші және ізденушілерге арналған жақсы жаңалық, Президент жарлығына сай «Имам Мәтуриди» атындағы халықаралық стипендия тағайындалды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстанның халықаралық ислам академиясын жанынан мемлекеттік мекеме ретінде «Халықаралық Имам Мәтуриди» ғылыми-зерттеу орталығы құрылатын болады.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – ислам дінінің гуманистік мәні, оның ағартушылық және мәдени рөлі мен даму бағыттарын ғылыми негізде зерттеу және жалпы жұртшылыққа, оның ішінде халықаралық қауымдастыққа паш ету.

Орталықтың директорын Дін істері комитетінің келісімі бойынша Өзбекстанның Халықаралық Ислам академиясының ректоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қаулыда көрсетілгендей Орталық қызметін қолдау және үйлестіру үшін Қамқоршылық кеңестің құрамы бекітілді. Кеңес Орталықтың қызметін үйлестіреді, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға көмектеседі және оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды.