Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен қанша кәсіпорын және ұйым жұмыс істейді
Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен 14 мыңнан астам кәсіпорын және ұйым жұмыс істейді.
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін республикамызда жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорын және ұйым саны 14 мың 53-ті құрайды.
Оның 4657-сі бірлескен кәсіпорын болса, 9396-сы шетелдік кәсіпорындар.
Шетел капиталының қатысуымен Өзбекстандағы кәсіпорындардың саны:
— Ресей – 3044
— Қытай – 2337
— Түркия – 1883
— Қазақстан – 1064
— Оңтүстік Корея – 736
— АҚШ - 313
— Қырғыз Р. - 279
— Тәжікстан – 278
— Әзірбайжан – 237
— Германия – 215
— Түркіменстан – 182.