Өзбекстанда сайлауда дауыс беру басталды
Бүгін, 9 шілдеде Өзбекстанда маңызды саяси оқиға – мерзімінен бұрын өтіп жатқан Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы басталды.
Сағат 8.00-ден бастап республика бойынша барлық сайлау учаскелері учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, дауыс беру процесі басталды.


Атап айтқанда, таңғы сағат 8:00-де Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы 469 санды сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран шырқалып, дауыс беру процесі басталды.

Айта кетерлігі, бұл сайлауға дайындық мақсатында бір ай бойы республиканың түкпір-түкпірінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сайлаушыларға кандидаттар туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Сайлауда дауыс беру сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.