Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда саяси партияларға қоғамдық шаралар өткізуге рұқсат берілді
10:37 / 2021-08-19

Өзбекстандағы президенттік сайлау науқаны кезінде үгіт-насихат жүргізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында саяси партияларға бұқаралық шаралар өткізуге рұқсат берілді.

Республикалық арнайы комиссия қабылдаған шешім бойынша, саяси партияларға сайлаушылармен кездесу кезінде қатысушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау, медициналық маска тағу, антисептик қолдану және осы шараға шақырылған азаматтардың коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғанына назар аударуға кеңес берілген.

Өзбекстан Республикасының Сайлау кодексіне сәйкес, ӨР Президенттігіне кандидаттар мен саяси партиялар сайлаушылармен кездесулер арқылы үгіт жүргізуге құқылы. Сайлаушылармен кездесулерді кандидаттар мен саяси партиялар дербес жүргізеді, делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, Өзбекстанда сайлау науқаны 23 шілдеде басталды. Президенттік сайлау 24 қазан күні өтеді.