Өзбекстанда ресейлік жоғары оқу орындарының тағы екі филиалы ашылады деп күтілуде.
Мәскеуде өткен Өзбекстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 22-ші отырысында қаралған білім саласындағы ынтымақтастық бойынша, жақын арада тағы екі білім ордасы – «Косигин атындағы дизайн және технология» және «Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография» университетінің филиалдарын Өзбекстанда ашу жоспарланғаны атап өтілді.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын кең ауқымды мәселелерден бөлек, білім саласына қатысты жоғары білікті кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Білім форумы, Медиа форум, Өзбекстанның Ресейдегі мәдениет күндерін және басқа да бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда Өзбекстанда ресейлік жоғары оқу орындарының 15 филиалы қызмет көрсетуде.