Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда репродуктивті медицина және генетика институты ашылды
13:01 / 2023-04-29

Ташкентте Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен репродуктивті медицина қауымдастығы тарапынан Репродуктивті медицина және генетика институты ашылды.

Білім ордасы 2023-2024 оқу жылынан бастап институтта клиникалық ординатура бойынша, репродуктолог, акушер-гинеколог сынды мамандарды даярлауды бастайды.

Сондай-ақ, биылдың өзінде репродукция, эмбриология, цитология, генетика салаларында ғылыми зерттеулер жүргізетін және осы салалар бойынша ғылыми дәрежелер беретін шетелдік сарапшылардан тұратын мамандандырылған ғылыми кеңестің қызметі жолға қойылады.

Айта кету керек, бұл заманауи мамандықтар бойынша мамандарды даярлау Өзбекстанда алғаш рет жолға қойылуда.

ДСМ мәліметінше, қазір Өзбекстанда туу көрсеткіші 3,2-ні құрайды және жыл сайын 1 миллионға жуық сәби дүниеге келеді.