Өзбекстанда Рамазан айының басталу күні белгілі болды
Өткен аптада Өзбекстан мұсылмандары басқармасының бастамасымен Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан сияқты түркі елдерінің пәтуа алқаларының онлайн отырысы өтті.
Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, жиын барысында пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті.
Сондай-ақ, әлемдегі ірі пәтуа кеңселері мен беделді астрономия институттарының мәліметтері жан-жақты қарастырылды.
Түрік мемлекеттерінің ғұламалары фиқһ ережелеріне сүйене отырып, астрономиялық есептеулер мен астрономиялық бақылауларды ескере отырып, хижри 1445 жылы Рамазан айының бірінші күні 2024 жылдың 11 наурыз дүйсенбісіне сәйкес келеді деген бірауызды пікірге келген.