Өзбекстанда Рамазан айы 24 сәуірде басталады
Қасиетті Рамазан айында карантин ережелерін қатаң сақтай отырып үйде, отбасылық жағдайда өткізуге қажетті жағдайлар жасалады
Өзбекстан Республикасы Президентінің «Қасиетті Рамазан айын лайықты түрде өткізу туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, Қасиетті Рамазан айында карантин ережелерін қатаң сақтай отырып үйде, отбасылық жағдайда өткізуге қажетті жағдайлар жасалады.
Атап айтқанда, мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсету және отбасылар мен махалладағы мейірімділік және өзара құрмет атмосферасын нығайтуға байланысты ұйымдастырушылық шаралар күшейтілетін болады.
Осы қаулыға сәйкес Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, қасиетті Рамазан айының басталуы Өзбекстанда 2020 жылыдың 24 сәуірінен тура келген.
Хабарда айтылуынша «Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалары тарапынан және Исламдық дереккөздер мен астрономиялық мәліметтерге сүйене отырып, 2020 жылы Рамазанның бірінші күні сәуірдің 24 жұқлдызы жұма күніне дәл келеді деген тұжырым жасалды», - делінеді.