Өзбекстанда қытайлық вакцина сынағына қатысатын еріктілер саны 14 мыңнан асты
Өзбекстанда қазіргі кезде қытайлық Zhifei Loncom Biofarmaceutical компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы жалғасуда.
Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, ZF 2001 вакцинасының ІІІ фазалы сынақ кезеңіне қатысуға ниет білдірген еріктілер саны 14 008 кісіге жетті.
5 ақпан күнгі жағдай бойынша, атаулы вакцинаның 1-дозасын 6484, 2-ші дозасын 1045 ерікті қабылдаған.
Сонымен қатар, вакцина алу ниетте келген әрбір азамат тіркеуден өтеді және олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейінгі жағдай бойынша оның антропометриялық белгілері - бойы мен салмағы өлшеніп, иммуноферментті анализін (IFA) алуға алуы керек. Бұл тексерудің нәтижесі 20 минут ішінде дайын болады.
Бұл тест қанда вирусқа қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтайды. Ол азаматтың коронавирусты бұрын жұқтырғанын білу үшін қажетті фактор, - делінген хабарламада.