Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Қытай вакцинасының ІІІ фазалық сынақтары 14 ай жалғасады
15:03 / 2020-12-24

Өзбекстанда 5 мың еріктіге Қытайдың Anhui Zhifei Loncom биофармацевтикалық компаниясы шығарған ZF2001 рекомбинантты вакцинасының ІІІ фазалық клиникалық сынақтары жүргізілуде. Клиникалық сынақтар 14 айға жалғасады.

Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде 18 жастан жоғары таңдалған еріктілерге 1 дозалы вакцина егіліп жатыр. Олар осы процес кезеңінде жалпы үш доза вакцина қабылдайды. Вакцинаның әр қорабы 25 мг/0,5мл флакон түрінде болып,  құрамында 25 мг жаңа коронавирустық рецепторлармен байланысатын ақуыздың (NCP-RBD) рекомбинантты түрі және 0,25 мг алюминий гидроксидінен құралған.

Еске салар болсақ, Өзбекстанда бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцинаны 65 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілері алатын болады.