Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда қыркүйек айында коронавирустан 154, пневмониядан 58 адам қайтыс болды
12:10 / 2021-10-02

2021 жылдың қыркүйек айында Өзбекстанда коронавирус және пневмониядан жалпы 212 адам қайтыс болғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарынша, 1 қазандағы жағдай бойынша, елде коронавирустың ресми расталған жағдайларының саны 174 879-ға жетті. Осы уақытқа дейін науқастардың 169 866-ы сауығып шыққан (97 пайыз). Ал өлім саны 1245 құрауда.

Сондай -ақ, пневмония диагнозы қойылған науқастардың саны бүгінге дейін 27 276-ға жетіп, олардың 25 550-і сауығып шыққан (92 пайыз). Бүгінде жалпы өкпе қабынуынан қайтыс болғандар саны 244-ке жетті.