Өзбекстанда «QuWatt» брендімен АИ-95 маркалы бензин өндірісі басталды
Бұхара мұнай өңдеу зауытында QuWatt брендімен бензин мен дизель отынын өндірісі жолға қойылды.
«Узбекнефтегаз» ақпараттық қызметінің хабарлауынша, Германияның BASF SE компаниясымен бірлесіп «QuWatt» брендті АИ-95 маркалы бензин өндірісін бастады.
«QuWatt» AИ-95 маркалы жанармайдың артықшылықтары қозғалтқышты таза ұстау, қозғалтқыштың қуатын арттыру және жанармайды 3% -ға дейін үнемдеу, қыста қозғалтқыштың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оның коррозияға ұшырауына жол бермеуден тұрады, делінген компанияның хабарламасында.
2021 жылдың алғашқы онкүндігінде «QuWatt» брендімен 480 тонна АИ-95 бензині өндіріліп, Республикалық тауар биржасы арқылы сатылымға шығққан.