Өзбекстанда құс етін экспорттауға қолданыстағы барлық шектеулер жойылады
2024 жылдың 1 шілдесінен Өзбекстанда бастап құс етін экспорттауға қолданыстағы барлық шектеулер жойылады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының «Құс шаруашылығы саласын одан әрі қолдау, заманауи генетикалық технологияларды және кооперация жүйесін енгізу жөніндегі шаралар туралы» ПҚ-238 шешімі қабылданды.
Қаулыға сәйкес, кооперация жүйесіне негізделген «Агроқұс кластері» жобасы жүзеге асырылады.
2030 жылдың 1 қаңтарына дейін құс өнімдерін өндіретін кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғалардан алынатын жер салығын (егістік жерлерді қоспағанда) төлеуден босатылады.
2024 жыл 1 қазаннан бастап жаңа сойылған, салқындатылған немесе мұздатылған құс етін және қосымша тағамдық өнімдерді (тұтас ет, қанат, бел, мойын, окорочок, жамбас, тартылған ет және терісі) Өзбекстан аумағына әкелуде белгіленген кедендік баж бойынша жеңілдік жойылады.