Өзбекстанда Құрбан айт намазы жамағатпен оқылмайтын болды
Өзбекстан аумағында биылғы Құрбан айт намазы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жамағатпен бірге оқылмайтын болды.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, Құрбан айт намазы кезінде үлкен жамағат жиналатындығын ескере отырып, пандемияның өршуіне және оба салдарын жеңілдету үшін осы күні айт намазы оқылмайды, оның орнына үйде Зуха намазын оқу ұсынылған.
Соынмен қатар, COVID-19 жағдайының күрт нашарлауын алдын алуға орай жұма намазын жамағатпен бірге оқу уақытша шектелген. Барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, мешіттердің ашық сахналарында, маска тағып және ара қашықтықты сақтау арқылы басқа уақыттағы намазды оқуға рұқсат. Дегенмен мешіттерде қол алысуға, құшақтасуға қатаң тыйым салынғаны айтылады, басқарма хабарында.