Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде атап өтіледі
12:01 / 2022-07-02

Өзбекстанда «Құрбан айт мерекесін атап өту туралы» Президент қаулысы жарияланды.

Қаулыға орай 2022 жылғы Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге сәйкес келеді және бұл күн Құрбан айт ретінде тойланатын болады.

Айт мерекесіне орай ел тұрғындары жұмыс аптасының түріне қарамастан 4 күн демалады.

Мемлекет басшысының бұрын қабылданған жарлығына сәйкес 2022 жылғы шілдеде келесі қосымша демалыс күндері белгіленген:

  • 9 шілде (сенбі) – Құрбан айт мерекесі;
  • 10 шілде (жексенбі) әдеттегі демалыс күні;
  • 11 шілде (дүйсенбі) – барлығына қосымша демалыс күні;
  • 12 шілде (сейсенбі) – 6 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін қосымша демалыс күні, 5 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 16 шілдеден (сенбі) ауыстырылған демалыс күні.