French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Құрбан айт 28 маусымда тойланады
19:04 / 2023-06-19

Өзбекстанда «Құрбан айт мерекесін атап өту туралы» Президент қаулысы жарияланды.

Қаулыға орай 2023 жылғы Құрбан айттың бірінші күні сәрсенбі, 28 маусымға сәйкес келеді және бұл күн Құрбан айт ретінде тойланатын болады.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Айды бақылау жөніндегі жұмыс тобының, тәжірибелі астрономия орталықтары мен беделді пәтуа кеңестерінің ғылыми зерттеулеріне сәйкес, 1444 жылғы Зул-Хиджаның жаңа ай фазасы (жарты ай) 2023 жыл 18 маусымда күн батқаннан кейін (туған) болған. 

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Ғұламалар кеңесі Ислам тағылымдары мен осы мәліметтерге сүйене отырып, Құрбан айттың бірінші күнін 2023 жылдың 28 маусымы деп шешкен.