Өзбекстанда «Құрбан айт мерекесін атап өту туралы» Президент қаулысы жарияланды.
Қаулыға орай 2024 жылғы Құрбан айттың бірінші күні жексенбі, 16 маусымға сәйкес келеді және осыкүн Құрбан айт ретінде тойланатын болады.
Құрбан айттың бірінші күні мереке күніне сәйкес келетіндіктен, бұл мереке дүйсенбі, 17 маусымға ауыстырылады, ал сейсенбі, 18 маусым барлық қызметкерлер үшін қосымша демалыс күні болады.
Жергілікті мемлекеттік органдар, жауапты министрліктер мен ведомстволар Құрбан айтты халықтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына сай атап өту үшін тиісті шараларды қабылдап, өзбекстандықтардың мерейлі күндерде киелі орындар мен тарихи мекендерге зиярат жасауын ұйымдастыруға қолайлы жағдай мен мүмкіндіктер жасау тапсырылған.
Сонымен қатар Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына Құрбан айт мерекесін өткізуге байланысты шараларды кеңінен жариялау ұсынылған.