English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда құқықтық мәселелерге жауап беретін «LexAI» платформасы іске қосылды
16:31 / 2024-12-23

Өзбекстанда «LexAI» жасанды интеллект көмегімен құқықтық мәселелерге жауап іздеуге көмек көрсететін бірегей платформа құрылды.

Әділет министрлігі тарапынан іске қосылған бұл бірегей платформада, құқықтық мәселелерге жауап табуға көмек беретін көмекші чат-бот, құжаттарды заңгердің қатысуынсыз, конструктор негізінде тәуелсіз дайындауға, сараптама жасауға, берілген іс-оқиғаларға құқықтық тәжірибе негізінде жауап беруге арналған қызметтер жиынтығы жинақталған және оларды кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда платформаның құқықтық мәселелерге қатысты сұрақтарға жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Заңнамалық ақпараттар ұлттық базасындағы құжаттар негізінде онлайн жауап беру үшін арналған «LexAI» — жасанды интеллект көмегімен құқықтық мәселелерге жауап табуға көмек көрсететін чат-бот іске қосылды.

Қазіргі таңда Заңнамалық ақпараттар ұлттық базасында 48 мыңнан астам құжат бар. Олардың ішінде қолданыстағы құжаттардың саны 34 мыңнан, біріктірілген құжаттардың саны 28 мыңнан, өзгерістер мен қосымшаларды енгізуді қарастыратын құжаттардың саны 5,7 мыңнан асады.

«LexAI» чат-ботын жасау үшін құқық және IT саласындағы тәжірибелі мамандар 5 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеген және нәтижесінде бұл чат-ботта қолданыстағы 34 мыңнан астам нормативтік сипаттағы құжат, сондай-ақ 604 миллионнан астам белгілерден тұратын білімдер базасы оқытылды.

Чат-боттың негізгі функциялары мен логикасы Open source (ашық кодты) ресурстарсыз әзірленген.

Бұл чат-бот болашақта Call-орталықтарды автоматтандыру, веб-сайттарда виртуалды көмекшілер жасау мүмкіндігін береді. «LexAI» чат-боты — бұл тек қарапайым технология емес, өмірімізді жақсартуға мүмкіндік беретін құрал.

Айта кетейік, Өзбекстанда «LexAI»-ға ұқсас құқықтық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай маңызды. Қазіргі таңда халықтың құқықтық сауаты мен ақпаратқа қолжетімділігі деңгейі әртүрлі, және заң саласындағы мәселелерге жауап алу кейде уақытты қажет етеді. Бұл платформа азаматтарға құқықтық кеңестерді жылдам әрі тиімді түрде алу мүмкіндігін береді, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдеріне, күнделікті құқықтық мәселелермен бетпе-бет келетін тұлғаларға өте пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, «LexAI» құқықтық құжаттарды дайындалуы мен сараптама жүргізу жұмыстарын автоматтандыру арқылы мемлекеттік органдар мен заңгерлердің жұмыс жүктемесін жеңілдетеді.