Өзбекстанда қажылық маусымы 2024 жылдың 23 мамырында басталады.
Өзбекстаннан Сауд Арабиясы Корольдігіне рейстер биылғы жылдың 7 маусымына дейін күн сайын жүзеге асырылады.
Қажылар республиканың 10 аймақтық әуежайынан тікелей Ташкент- Мадина, Бұхара- Мадина, Наманган- Мадина, Ферғана-Мадина, Самарқанд-Мадина, Қаршы-Мадина, Термез-Мадина, Үргеніш-Мадина, Нөкіс-Мадина және Науаи-Мадина қалаларына қажылық сапарына ұшады. Барлық рейстерді «Uzbekistan Airways» АҚ орындайды.
«Қажылық» және «Умра» шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес түрлі бағыттағы биылғы маусымға дайындықты белсенді түрде жалғастыруда. Атап айтқанда, қажыларды медициналық тексеруден өткізу, екпе алу, топ жетекшілерін бекіту, сапар алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу, дәрігерлер мен аспазшылар тобын тарту, жол жүру құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталуда.