French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері басталды
11:10 / 2023-06-21

Ташкент қаласындағы «Түркістан» өнер сарайында Қазақстанның мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті.

ӨР Мәдениет және туризм министрлігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, ашылу салтанатында Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық тобының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Мәдени шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрқиса Дәуешов пен Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков қатысты.

Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, Рухия Байдүкенова, Мәди Сыздықов, «Гүлдер» ансамблі, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетті.

Сонымен қатар 20-23 маусым аралығында Ташкентте қазақ киносының күндері өтеді. Оның аясында Әлішер Науаи атындағы кинотеатр залдарында «Сұлтан Бейбарыс», «Мұқағали», «Дос-Мұқасан», «Время патриотов», «Паралимпиадашы», «На старте», «Лето 1941 года» көркем фильмдері, «Кенже қыз», «Бесік жыры», «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» мультфильмдері көрсетіледі.