Өзбекстанда қай елдердің капиталымен қанша кәсіпорын бар екені белгілі болды
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 15 481-ді құрады.
Ондағы дерек бойынша, Өзбекстандағы шетелдік кәсіпорындар саны бойынша Ресей көш бастап тұр.
Сондай-ақ, шетел капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2088-ге өскен.
Шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны:
- Ресей – 3151;
- Түркия – 2152;
- Қытай – 2104;
- Қазақстан – 1227;
- Корея – 903;
- АҚШ – 350;
- Қырғызстан – 307;
- Тәжікстан – 293;
- Әзірбайжан – 259;
- Германия – 215;
- Түрікменстан – 174;
- басқа елдер – 4346.