Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «Қауіпті жүк» ақпараттық жүйесі іске қосылды
14:46 / 2023-08-14

Өзбекстан аумағы арқылы өтетін қауіпті жүктерге рұқсат беру процесі цифрландырылды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, «Қауіпті жүк» ақпараттық жүйесін министрлік әзірлеген.

Нәтижесінде қауіпті жүктерді транзитпен тасымалдауға рұқсат беру дәстүрлі түрден электронды нысанға көшірілді. Енді тиісті рұқсат алуға үміткерлер осы ақпараттық жүйе арқылы өтініш бере алады.

Өтініш беруші жүйе арқылы хаттаманы жібергеннен кейін өтініш заңда белгіленген тәртіпті мерзімде қаралып, тиісті қорытынды негізінде жүйемен рұқсат беріледі. Жіберілген рұқсат нысанын жүйе арқылы онлайн жүктеп алуға болады.

Осынау «Қауіпті жүк» ақпараттық жүйесі Өзбекстан Министрлер Кабинетінің тиісті шешіміне сәйкес әзірленген.