Өзбекстанда қалаларда тұратын тұрақты тұрғындардың үлесі артып келеді
Кейінгі уақытта Өзбекстанда азаматтар ауылды мекеннен қалаларда тұруды жөн санауда.
1991 жылдың басында Өзбекстан Республикасының тұрақты тұрғындарының құрамындағы қала тұрғындарының үлесі 40,3 пайызды құраған.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 50,9 пайызды құрап, 1991 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өскен.
Жылдар бойынша қалалық жерлерде тұратын тұрақты тұрғындардың көбейу көрсеткіші:
— 1991 жылы – 40,3 пайыз;
— 2000 ж. – 37,4 пайыз;
— 2010 жылы – 51,5 пайыз;
— 2020 жылы – 50,6 пайыз;
— 2022 жылы – 50,9 пайыз.