2021 жылда қабылдау емтихандарында ең жоғары ұпай жинаған өзбекстандық 200 оқушыға Президенттік грант тағайындалады.
Бұл туралы 2021 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасында айтылған болып, Жоғары және арнайы орта білім министрлігі, Қаржы министрлігі және Мемлекеттік тестілеу орталығы бірлесіп 2021 жылдың 1 маусымына дейін Өзбекстан Президентінің гранттарын бөлу тәртібін әзірлейді.
Соның негізінде жоғары оқу орындарына түсу емтихандарында балл жинған талапкерлер туралы ашық ақпарат беретін бірыңғай электрондық тізілім құрылады.
Президент гранттын жеңіп алған студентке оқуды бітіргенге дейін қолданыстағы Президенттік стипендия мөлшеріне тең Президент гранттының стипендиясы төленеді. Дегенмен, академиялық семестр аяқталғаннан кейін, барлық пәндерді меңгеру деңгейі «өте жақсы» деген бағамен бола тұра бір пәнді игеру деңгейі төмен болып қалған жағдайда бұл санаттағы студенттерге келесі семестр үшін Президент грантының стипендиясы берілмейді.
Сонымен қатар, магистратура мен докторантурада оқитын талантты жастарды ынталандыру мақсатында Президенттің Мемлекеттік стипендиясының квотасы екі есеге көбейтіледі.
Өзбекстандағы шетелдік және бірлескен жоғары оқу орындарының студенттеріне де президенттік және мемлекеттік стипендиялар да енгізілетін болады.