Өзбекстанда пәтер жалдап тұратын студенттердің 50 пайыз жалдау ақысын мемлекет төлейді
Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 13 сәуірде жастарды жұмыспен қамту және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізіп, онда пәтер жалдап тұратын студенттердің 50 пайыз жалдау ақысын мемлекет төлейтіні жайлы айтты.
Бүгінде 130 мыңнан астам университет студенттері жалдамалы пәтерде тұрады. Үкімет бұл мәселені шешу үшін жеке бағдарлама дайындап жатыр. Бұл бағдарлама бойынша, 1 мамырдан бастап студенттерге пәтер жалдау ақысының тең жартысы мемлекет есебінен төленеді, - деді Мемлекет басшысы.
Бастапқы кезеңде бұл жүйе арқылы 60 мың жас қамтылуы жоспарланған. Сонымен қатар, бұл шығындар мұқтаж студенттерге әкімдіктер мен университет есебінен өтеледі. Сол мақсатта 100 млрд сум қаржы бөлінеді.