English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард қаржы бөлінбек
16:10 / 2021-06-16

Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстанда қазан айында өтуі жоспарланған президенттік сайлауға 300 миллиард қаржы бөлінбек.

16 маусымда Орталық сайлау комиссиясының кезекті жиыны өтіп, онда Өзбекстандағы президенттік сайлауға дайындық және оған кетер қаражатты бөлу мәселесі талқыланды. 

ОСК отырысының қорытындысы бойынша, биылғы президенттік сайлауға 300 миллиард сум қаржы бөлінбек.

Жоспарға сай 14 округтік сайлау комиссиясының әрқайсысына 56 млн 991 мың, сондай-ақ 10 800-ге жуық учаскелік сайлау комиссиясының әрқайсысына 11 млн 813 мың сом бөлу көзделген болса, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттардың білімі мен біліктілігін арттыру үшін жаттықтырушылар мен бақылау тобының мүшелерін «каскадты» оқытуға 18,4 млрд сум бөлінетін болды. Осы белгіленген сомманың 92% -ы жаттықтырушылар мен мониторинг тобы мүшелерінің жалақысы болып табылады.

Бұлардан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы Президенттік сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты орталықтандырылған тәртіпте сатып алуға сайлау жабдықтарын, қажетті материалдық-техникалық жабдықтар, тауарлар мен қызметтерге де қаражат бөледі.

Жиында ОСК-ның бірқатар шешімдері сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен үйлестірілді.

Атап айтқанда, сайлау мен референдумдарды ұйымдастыру мен өткізудегі заң бұзушылықтар туралы істерді бұрын әкімшілік соттар қараған болса, енді қылмыстық істер жөніндегі аудандық және қалалық соттар қарайтын болады. Бұл ереже ОСК-ның тиісті шешімінде мақұлданды.