Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Президенттік сайлау науқаны басталғаны жарияланды
12:42 / 2021-07-23

Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда елдегі ірі саяси жағдай - Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау процесі басталғаны жарияланды.

Саяси партиялардың жетекшілері, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдері қатысқан іс-шарада, Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау күні ретінде 2021 жылғы 24 қазанды белгіледі және сайлау компаниясы 23 шілдеде басталады деп жарияланды.

Президент сайлауы осы жылдың 8 ақпанында Өзбекстан Республикасы Конституцияның 117-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес, қазан айында өтеді. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Президент сайлауы жаңартылған ұлттық сайлау заңнамасына, жалпыға танылған халықаралық стандарттарға, демократиялық принциптерге, ашықтық пен жариялылыққа сәйкес өтетінін баса айтты.