Өзбекстанда пойызда жолаушыларға шай, ауызсу және қант тегін беріледі
Теміржол көлігі саласында мемлекеттік реттелетін және нарық қағидаттары бойынша көрсетілетін қызметтер тізімі бекітілді.
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік реттелетін және нарық қағидаттары бойынша көрсетілетін қызметтер тізімін бекіту туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес төмендегілер бекітілді:
- Теміржол көлігі саласында мемлекеттік реттелетін қызметтер тізімі;
- Теміржол көлігі саласында нарық қағидаттары бойынша көрсетілетін қызметтер тізімі;
- Теміржол көлігі саласында тұтынушыларға тегін көрсетілетін қызметтер тізімі.
Тегін көрсетілетін қызметтерге мыналар кіреді:
- Жүк тасымалдауға арналған арба;
- Ана мен бала бөлмесін пайдалану;
- Күту залында Wi-Fi қызметі;
- Мүгедектерге арналған арбалар;
- Жол бойында шай, ауызсу және қант тегін беріледі.